KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
529.7 545.96 5.17

Монтёрдің сумкасы өскемендіктерді әбігерге салды

25.04.2019, 11:35 330

Өскеменде жолдың бойында жатқан «күдікті» сумканың кесірінен көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Біраз уақыт бұрын Абай даңғылы  мен Шәкәрім көшесінің қиылысы жабық болды. Себебі қала тұрғыны 102-ге қоңырау шалып, көше бойында біртүрлі сөмке жатқанын хабарлаған болатын. Барлық жедел қызмет өкілдері табан астында аталған мекен-жайға жетті. Аумақ қоршауға алынды. Көлік қозғалысы тоқтатылды.

 

– Сөмке «Қазақтелеком» қызметкерінікі екен. Ешқандай қауіп жоқ. Жақын маңда жұмыс істеп жатқан монтёрдің құрал-жабдығы салынған қарапайым сөмке болып шықты. Соның салдарынан трамвай және автокөлік қозғалысы тоқтатылды, – деп мәлімдеді Полиция басқармасы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу