KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«Күдікті сөмке». Өскемен көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды

19.12.2019, 05:05 157

Өскемендегі Протозанов көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды. Тұрғындар ғимарат терезесінің алдында тұрған сөмкеден қауіптеніп, полицияға хабар берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тәртіп сақшылары көшені жауып, аумақты қоршауға алды. Бұл уақытта жедел жәрдем қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жетіп үлгерген еді.

– Сағат  8.00 шамасында әлдебіреудің ғимарат терезесінің алдына күдікті сөмке қалдырып кеткендігі туралы хабар келіп түсті, – деп мәлімдеді қалалық полиция басқармасы.

Сөмкеден қауіпті ештеңе табылмады.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив