Өскеменде 1 мамыр жаңа форматта мерекеленеді
Биыл 1 мамыр мерекесі облыс орталығында жаңа форматта атап өтілмек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл турады қала әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлімдеп отыр.
Бұған дейін Қазақстан халқы бірлігі күнін қалай мерекелеуші еді. Соңғы 20 жыл бойы 1 мамырда халық мерекелік шеруге шар мен плакат ұстап шығатын. Енді бұл дәстүр өзгереді.
-Биыл мейрам біздің қалада басқа форматта атап өтілмек. Дәстүрлі мерекелік шерудің орнына Республика алаңында әр түрлі әлем халықтарының ойындары, спорттық жарыстар, киберспорт бойынша жарыс, караоке сайысы, қуыршақтар мен балаларға арналған алаңдар ұйымдастырылады. Шеру өтпегенге ешкім ренжімейтін шығар деген үміттемін, - деп жазады Жақсылық Омар.
Сондай-ақ, әлем халықтарының ұлттық тағамдары әзірленіп, Қазақстан эстрадасының әншілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.
Мерекенің басталу уақыты: 11.00.