Өскеменде «Nyr-Shaurma» ашылды
Өскеменде «Nyr-Shaurma» ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бастапқыда «Нұр» сөзі Қазақстан азаматтарының тегіне қосылады деген ақпарат тарады. Содан кейін автокөліктердің «Nyr-номерлері» пайда болды. Алайда бұл жаңалықтарды ІІМ тегіс жоққа шығарды. Ал Шығыс шаһарында «Nyr-Shaurma» шыныменде ашылды. Қаланың Ивушка ауданында.
Тұрғындар аталмыш жаңалықты әлеуметтік желілерге жарыса жазып, қызу талқыға салып жатыр. «Креатив. Басқа да жекекәсіпкерлер үлгі алсын!» деген пікірлер де жазылып жатыр. Сондай-ақ желі қолданушылары: «Енді Нұр-арақ шықсын, оған қоса нұр-шашлык жеп отырайық» деген ойларын да ортаға салды.