Алдағы үш күнде ауа райы жылына ма?
Алдағы күндері Қазақстанда күн жылына ма? Бұл туралы синоптиктер болжам жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазір еліміздің солтүстік өңірлерінде қайта қыс орнаған екен. Ал оңтүстікке күн жыл мезгіліне сәйкес жылы.
20-22 сәуір аралығында салқын ауа райы сақталады деп болжайды синоптик мамандар. Қарлы жаңбыр жауып, күн бұлтты болады. Түнгі уақытта ауа температурасы минус 10 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Оңтүстік жақтағы жылы ауа райы да біршама өзгереді екен. Мұнда жаңбыр, бұршақ жауады, күн күркірейді, алайды ауа температурасы жылы қалпында қалады екен. Кей жерлерде плюс 15-22 градусқа дейін жоғарылауы ықтимал.