Президенттің Виртуалды қабылдауы ашылады
Виртуалды қабылдау 22 сәуірден бастап Akorda.kz сайтында іске қосылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Берік Құрманғали әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Енді азаматтар Мемлекет басшысына ресми түрде сұрау сала алады. Заңдық күші бар Виртуалды қабылдау ашуды Қасым-Жомарт Тоқаев өзі тапсырып отыр.
Виртуалды қабылдауға жазылған әр хат тіркеледі. Оларды Президенттің өзі және Әкімшілік қызметкерлері қарастырады екен.
Бұл шара әлеуметтік маңызды мәселелерді анықтап, оны шешуге бағытталған.
Оқи отырыңыз