KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
529.65 544.64 5.16

ШҚО-да туристік полиция жұмысын бастайды. Бес сақшы Алакөлге аттанатын болды

17.05.2019, 03:05 105

Шығыс Қазақстанда жуықта ғана құрылған туристік полиция бөлімшесі  1 маусымнан бастап жұмысқа кіріседі. Әзірге іріктеуден бес тәртіп сақшысы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Туристік полицейлерге ел тарихын жетік білу және шет тілдерді меңгеру сынды талаптар қойылатынын жазғанбыз өткенде, естеріңізде болса. Сол сыннан сүрінбей өткен бес тәртіп сақшысы 20 мамыр күні Алакөлге аттанатын болды. Сапар алдында Департамент басшысы Жанарбек Бақтыбаев жеке құрамның дайындығын өзі байқап көрді. Туристік полицейлер материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

 

 

Айта кетейік, Алакөл жағалауына 60 басқарылатын бейнекамера қойылатын болды. Бұрын орнатылған 40 бейнекамера бар, барлығы бір жүйеге біріктіріледі. Сондай-ақ, жағалауда полиция пунктінің құрылысы жоспарлануда.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу