Ворошилов, Дзержинский, Головков көшелері әзірге 2gis-те ауыспайды. Неге?
2018 жылы Өскеменде атауы өзгерген көшелердің толық тізімін ұсынамыз. Қала халқының барлығы мұны біле бермесі анық. Сондай-ақ аталған көшелер 2gis бағдарламасында қашан ауысатыны айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілішісі.
Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мәліметінше, 2018 жылы 14 көшенің атауы өзгерді.
· С. Орджоникидзе — Сағадат Нұрмағамбетов
· Революционная — Қалихан Ысқақ
· Ф. Дзержинского — Әміре Қашаубаева
· С. Кирова — Антон Чехов
· Октябрьская — Мұхаметжан Тынышпаева
· Советская (с. Меновное) — Адольф Янушкевич
· Н. Крупской — Евений Брусиловский
· Советская — Александр Затаевича
· Ы. Айтыкова — Асар
· М. Головкова — Бейбітшілік
· Питерских коммунаров — Лев Толстой
· Лениногорская — Теміржолшылар
· Комсомольская — Жастар
· Ворошилова — Шәкәрім даңғылы
Бұдан бөлек биыл Тәуелсіздік даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев атына берілгені белгілі.
- Осы көшелер 2gis-те бүгіннен бастап ауысады. Тек Ворошилов, Дзержинский, Головков көшелері әзірге бұрынғыша қалады. Себебі бұл көшелерді ауыстыратын Шәкәрім Құдайбердіұлы, Бейбітшілік, Әміре Қашаубаев атындағы көшелер қаланың басқа бөлігінде де бар, - деді қалалық архитектура бөлімінің қызметкері Елена Андреева.