Өскеменде бірқатар көшелердің атауы ресми түрде ауысты
Орджоникидзе, Дзержинский, Питерских Коммунаров және Киров деген көше атаулары Өскеменде қолданылмайды. Бұлардан бөлек те көптеген көшелердің атаулары ресми түрде ауыстырылып қойды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың күз мезгілінде қалалық мәслихат депутаттары бірқатар көшелердің жаңа атауларын бекіткен болатын:
Ворошилов – Шәкәрім даңғылы;
Комсомольская – Жастар;
Лениногорская – Теміржолшылар;
Питерских Коммунаров – Лев Толстой;
Революционная – Қалихан Ысқақ;
Орджоникидзе - Сағадат Нұрмағамбетов;
Дзержинский – Әміре Қашаубаев;
Киров – Антон Чехов;
Октябрьская – Мұхамеджан Тынышпаев;
Советская (Меновное ауылында) – Адольф Янушкевич;
Крупская – Евгений Брусиловский;
Советская – Александр Затаевич;
Головков – Бейбітшілік;
Айтықов (30-шы Гвардиялық дивизия мен Виноградов көшелерінің арасында) – Асар.
Сондай-ақ, Октябрьский аралының аумағы Самал саябағы деп аталып отыр. Одан бөлек аты жоқ көшелерге де жаңа атау берілді:
16 тұрғын ауданында:
№1 көше – Арасан;
№ 2 көше – Аялы;
№ 3 көше – Ақшоқы;
20 тұрғын ауданында:
№ 1 көше – Қазына;
№2 көше – Думан;
№3 көше – Шапағат;
№4 көше – Өсиет;
№5 көше – Толағай;
№6 көше – Жерұйық;
№7 көше – Ақжол;
№9 көше – Жақия Шайжүнісов;
№10 көше – Үркер;
№11 көше – Лев Гумилев;
№14 көше – Ақбауыр;
№16 даңғыл – Әл-Фараби көшесі;
Ахмер ауылында:
№1 көше – Саламат;
№2 көше – Серпін;
№3 көше – Канағат;
№4 көше – Балауса;
Меновной ауылының ауданында:
№1 көше – Мейірім;
№2 көше – Армандастар.
Бұл атауларды 15 ақпанда республикалық ономастикалық комиссияның оң шешімінен кейін облыстық мәслихат бекітіп, әділет департаментіне жолданған. Сол жерде ақпанның соңында тіркеліп отыр. Енді бұл көше атаулары ресми түрде ауысты.
Ал Тәуелсіздік даңғылының жаңа атауы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы да әділет департаментінде тіркеліп қойған екен.
Көшелердің жаңа атаулары жазылған тақтайшалар сәуір айында орнатыла бастауы мүмкін.