KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Бүгін Семейде «Рухты Шығыс» Аrt-фестивалі өтеді

15.04.2019, 02:39 103

Жастар жылы аясында Семей қаласында «Рухты Шығыс» Аrt-фестивалі өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

15 сәуір, дүйсенбі күні әр салада жетістікке жеткен облыс жастарының қатысуымен іс-шаралар кешені жоспарланған.
Фестиваль сағат 10.00-де Ұлы Абайдың ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталады.

Сағат 11.00-12.30 аралығында қаладағы мұражайлар мен оқу орындарында «Қазақ күресі» палуаны, ауыр салмақ дәрежесіндегі халықаралық санаттағы спорт шебері, «Әлем Барысы» чемпионатының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Қазақстан Барысы», «Евразия Барысы» турнирлерінің жеңімпазы Айбек Нұғымаровпен, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы ақын Ержан Жұмабекпен, физик-ғалым Серік Нұркеновпен, режисер Валентин Алифановпен, сонымен қатар жоба финалисі, әнші Евгений Выбловпен диалогтық алаңдар өткізіледі.

«Жанұя орталығы» қоғамдық қорының базасында жас отбасыларға Н. Лылык пен А. Сембаева психологиялық көмек көрсетеді. 

Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Perfomance» Арт-студиясының жетекшісі, талантты суретші Чавкина Ольга Ержановнаның жас суретшілерге арналған шеберлік сағаты мен көрмесі өтеді.

Осы күні сағат 16.00-ден бастап Қалалық мәдениет сарайы аумағында тақырыптық алаңдар жұмыс жасайды. Олар: ұлттық ойындар, Freestyle, Домбыра party, ұлттық караоке, ұмыт қалған және заманауи қазақ тағамдарының байқауы.

«Рухты Шығыс» Аrt-фестивалі «Пражские шедевры» байқауының жеңімпазы Татьяна Куропаткинаның, «Х-фактор» жобасының жеңімпазы Евгений Выбловтың, «Жас Қанат» байқауының бірінші орын иегері Парасат Отанның және басқа да өнерпаздардың қатысуымен «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» ұлттық ғашықтар күніне арналған мерекелік концертпен аяқталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив