KZ
Өскемен
+24°
гроза жел 3 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Семейліктер Айбекке жеңімпазға лайық құрмет көрсетті

10.06.2019, 10:54 133

Семейліктер «Қазақстан Барысы-2019» халықаралық турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаровты ерекше қуанышпен қарсы алды.

Ақжаулықты әжелер шашу шашты. Одан кейін барлығы М. Әуезов атындағы алаңда бас қосып, Айбекпен бірге оның жеңісін ерекше атап өтті.

Айбекті қарсы алуға келген қала әкімі Ермак Сәлімов оны жеңісімен құттықтады. Жастар осы Айбек Нұғымаровтан үлгі алып өсетіндіктері сөзсіз деген игі тілегін де білдірді. Өз кезегінде «Қазақстан Барысы-2019» турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров та өзінің қуанышын ортаға салып, халқының сенімін ақтауға дайын екендігін, әрқашан елімен бірге екендігін айтты.

Қала басшысы Ермак Сәлімов Айбекке «Әлем барысы-2019» турнирінде де жеңіске жетуін айтып, игі тілегін білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив