KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 3,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Ертең «Қазақстан барысы-2019» финал. Шығыстан үш балуан қатысады

7.06.2019, 09:03 144

«Қазақстан барысы-2019» жарысына үш жерлесіміз қатысады. Бұл туралы жарыстың ресми сайты хабарлайды.

Осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылатын додада Шығыс Қазақстан облысының намысын 2017 жылы Беларусь жерінде өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы Талғат Әміренов, былтырғы «Әскер барысы» жарысының чемпионы мен «Қазақстан барысы-2019» турнирі күміс белбеуінің иегері Ерасыл Қажыбаев, сондай-ақ төрт дүркін Әлем чемпионы Айбек Нұғымаров қорғайтын болады.

Айта кетейік, биылғы жарысқа еліміздің барлық облысы мен қалаларынан келген жалпы саны 35 балуан қатыспақ. Бір қызығы, биылғы додада былтырғы турнир жеңімпазы Ержан Шынкеев өнер көрсетпейді. Қарағандылық балуан осыдан біраз бұрын алған жарақатына байланысты биыл бозкілемге шықпайтынын мәлім етті.

Еске салайық, «Қазақстан барысы-2019» республикалық турнирінің финалдық кезеңі ертең, 8 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді.

Жеңімпаз атанған балуанға алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «тайтұяқ» табысталады. Екінші және үшінші орын иегерлері сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады.

«Сонымен қатар әр белдесудегі жеңіске 100 мың теңге беріледі. Ал бірінші орын алған балуан 25 миллион (бапкері – 3,5 миллион) теңгенің сертификатына ие болса, екінші орынға 5,5 миллион (бапкері – 1,8 миллион), үшінші орынға 1,8 миллион (бапкері – 900 мың) теңге табысталады. Турнир сағат 13:00-де балуандардың жеребе тарту рәсімімен басталмақ. Тартысты белдесулер алты сағатқа созылады деп жоспарланған. Шара аясында спорттық сайыстармен қатар концерттік бағдарлама мен керемет шоу өтеді деп күтілуде» делінген дерек көзінің хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив