KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

ШҚО тұрғындары полицияға бір күнде 40-тан астам қару табыстады

11.04.2019, 10:09 171

10 сәуірде ШҚО-да тұрғындардан қару-жарақ сатып алу акциясы басталды, деп хабарлайды алтайньюс тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шығысқазақстандықтар бір күн ішінде полицияға 39 тегіс ұңғылы мылтық  және екі иір ойықты қару тапсырған екен. Әсіресе, Алтай, Бородулиха және Күршім аудандарының тұрғындары қару табыстауға белсенді қатысуда. Бородулихада 62 жастағы зейнеткер тегіс ұңғымалы үш қару өткізіпті.

Акцияның бірінші күнінде сатып алынған қару-жарақ 2,2 млн теңгені құрап отыр.

Айта кетсек, акция аясында полицияға тіркелмеген қар-жарақтарды өткізген азаматтарға ақшалай сыйақы беріледі.  Сондай-ақ, олар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Қару үш санат бойынша күйіне қарай 10 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін бағаланады.

Полицияға тапсырылған қару-жарақ бірден жойылады екен.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив