Өскемендегі 19 шағын ауданда 15 жастағы қызды өлтірген қылмыскерге үкім шығарылды
Кәмелеттік жасқа толмаған қызды өлтірген бала 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, қыркүйек айында Өскемендегі №19 ықшамаудандағы бір пәтерден колледдж студентінің мәйіті табылған еді.
17 жастағы күдікті де дереу ұсталған болатын. Жуықта осы оқиғаға қатысты сот шешім шығарды.
Қылмыс кезінде күдікті 17 жаста болғандықтан, қаралып жатқан іс те кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты болып саналады. Бірақ қазір ол 18 жасқа толды. Қылмысын қауіпсіздігі күшейтілген ересектер түрмесінде өтейді. Бұл туралы жуықта өткен баспасөз жиынында облыстық соттың төрағасы Бердіғали Қасенов айтты.
Шешім заңды күшіне енбегенін айта кетейік. Қазір апелляциялық шағым қарастырылып жатыр.