Өскеменде өрт кезінде 13 жастағы бала күйіп қалды
Жеке жер үйден шыққан өрт қайғылы жағдайға әкеле жаздады. Үйде қалып қойған ер адам мен 13 жастағы бала дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілген екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өрт 6 сәуір күні Аблакеткадағы Малдыбаева көшесіндегі екі қабатты үйде болған.
Бірінші қабатта орналасқан шеберхана бөлмесінде тұрмыстық техника мен заттар өртенген. Өрттің аумағы аса үлкен емес. Дегенмен өртті өз күшімен өшіруге тырысқан тұрғындар күйіп қалыпты.
50 жастағы ер адам мен 13 жастағы ұл бала ауруханаға жеткізілді.
Оқи отырыңыз