ШҚО-да өрт кезінде төрт адам қаза болды
Жер үйде шыққан өрттің салдарынан төрт адам қаза болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қайғылы оқиғаның бірі Ұлан ауданында болды. Өртенген үйден 73 жастағы ер адам мен 14 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрайды.
Екінші оқиға Бородулиха ауданының Камышенка ауылында болған. Мұнда үйде жалғыз қалған 4 және 5 жастағы екі бала өртеніп кеткен. Балалар сіріңкемен ойнаған деген алдын ала болжам жасалып отыр. Анықталғандай, ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туып, отағасы үйден кетіп қалады. Ал жұбайы оны іздеп, артынан шығып кеткен. Үйде қараусыз қалған балалар өрттен көз жұмды.