ШҚО тұрғыны өртенген үйге кіріп, күйіп қалды
Өртеніп жатқан үйден құжаттарын алып шықпақ болған ШҚО тұрғыны күйіп қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өрт Жарма ауданының Ақжал ауылында жер үйден шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тілсіз жаумен екі сағат арпалысты. Өрттің күшеюіне газ баллонының жарылуы әсер еткен.
Үй иесінің 34 жастағы ұлы өртеніп жатқан үйден құжаттарын алмақ болып, күйіп қалған екен. Осы ретте өрт сөндірушілер жанып жатқан үйге кіруге болмайтынын қатаң ескертіп отыр.
Өрттің жалпы аумағы 136 шаршы метрді құрайды. Жалынның тұтануына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған.
Оқи отырыңыз