KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 9 м/с, ОБ
485.11 523.82 5.02

Өскеменде тоқсары контейнерлер қойылып жатыр, не үшін?

4.04.2019, 04:56 450

Өскеменде бұзылған техникаларды (батарея, теледидар, тоңазытқыш...) тастауға арналған контейнерлерге қосымша тағы да 8 контейнер қойылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Былтыр «Промотход — Казахстан» ЖШС ақауы бар техникаларды жинауға кіріскен еді. Олар әуелі Согра мен ЖМК аудандарында 5 қоқыс жәшігін қойған болатын. Биыл және 8 контейнер орнатты. Кілең тоқсары контейнерлер.

 

Лев Толстой көшесі, 20;

Островский көшесі, 10/1;

Қабанбай батыр көшесі, 118;

Виноградова көшесі, 22;

Өтепов көшесі, 11;

Тимирязев көшесі, 179;

Бажов көшесі, 333;

Потанин көшесі, 31/1 мекенжайларында тұр аталмыш жәшіктер.

Алдағы уақытта Күленов кентінде де тағы біреуі қойылады.

 

Мамандар айтысынша, батареяларды дұрыс пайдаланбаған жағдайда, 20 текше метр топырақ немесе 400 текше метр су улануы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив