"Двор осындай... Жаман. Түк ойнай алмайсың..." Өскемендік балақайдың жанайқайы (ВИДЕО)
– Балалардың ойнағысы келеді. Бірақ «двор» осындай... Жаман. Түк ойнай алмайсың... Балалар үйінде отырады қама-а-алып... – Бұл Өскеменнің кішкентай тұрғынының атқамінерлерге айтқан назы десек болар... Оның түсірген видеосын көрген адам әсерленбей қалмас деп ойлаймыз.
– Міне, «горканың» түрі... сырылған-сырылған, – деп жалғайды сөзін тат басқан ескі темір сырғанақты көрсеткен балақай.
– Маяковский, 20 мекенжайының ауласын неге жөндемейді? Соны білгім келеді. Бұл жаман «двор». Ойнайтын түк те жоқ, – деп бұртияды ойын баласы.
Видео әкімдіктегілердің назарына да ілігіпті. Баспасөз қызметкерінің берген жауабы мынадай:
«Облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен «Менің аулам» акциясы жүргізіліп жатыр қазір. Сол арқылы аулалар жөнделеді. Оған қатысу үшін тұрғындар «КСК-ға» барып, арыз беруге тиіс. Өздерінің ауызбіршілігіне байланысты».
Адамның табаны тимегенін айғақтағандай жапырақ жайрап жатқан ауланы видеоға түсірген балақай «жаңа «двор» салу керек мұнда» дейді.