KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Әлеуметтік желілерде жемқорлықпен күресуді уағыздайтын болды

3.04.2019, 04:11 107

Республикадағы әртүрлі конфессия өкілдері ғибадат орнына келушілерге және әлеуметтік желі қолданушыларына жемқорлықпен күресуді уағыздайтын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Спутник Қазақстан сайтына сілтеме бере отырып.

 

Бұл ұсынысты дін өкілдерімен өткен дөңгелек үстел барысынды мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ортаға тастады.

– Заң бұзушылықты жоюға әрқайсыңыздың тигізер үлесіңіз зор. Бірлесе жұмыс істеп, ғибадат орнына келушілерге адал жол нұсқауымыз керек, – деді агенттіктің басшысы Алик Ішпекбаев.

 

Ал «Нұр Отан» партиясының өкілі Нұрлан Баймұрзаев уағызды әлеуметтік желілерге таратуды ұсынды.

– Сіздерді халық тыңдайды. Соңдарыңыздан елді ерте аласыздар. Бейнеролик, бейнесабақтар жүргізіп, оны желілерге жүктеу керек. Сонда аудиторияларыңыз бұрынғыдан да кеңи түседі. Біздің партия сіздерге қолдау білдіреді. Заманауи технологияны пайдалана білген жөн, – деді ол.

 

Өз кезегінде дін өкілдері бұл ұсынысты қолдайтындарын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив