Алик Шпекбаев жастарды жемқорлықпен күреске тәрбиелеудің ең тиімді жолын айтты
Алик Шпекбаев жастарды жемқорлықпен күреске тәрбиелеудің ең тиімді жолын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Шығыс өңірінің жастарымен жүздесіп, студенттер форумына қатысты. Құрметті мейман жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тәрбиелеу ісі қазақы танымнан бастау алуы керектігін алға тартты.
– Қазақта «біреудің ала жібін аттама» деген сөз бар. Осыдан артық айту мүмкін емес. Жастарды адалдыққа тәрбиелейміз десек, қазақтың танымына, даналығына жүгінуіміз керек. Жемқорлыққа қарсы күрес туралы тәрбиенің бастау сонда жатыр, – деді агенттік төрағасы студенттер форумында.