KZ
Өскемен
-13°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Өскеменде бауырсақ пісіруден сайыс болды. Үлкені - 2 метрге жуық

22.03.2019, 07:56 232

Наурыз мейрамындағы ерекше бауырсақты Гүлнәр Сләмбекова пісірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

«Қазцинк» кәсіпорнының қолдауымен Өскемендегі Спорт сарайының маңында бірнеше байқау ұйымдастырылды. Солардың бірі – үлкен бауырсақ пісіру.

 

– Мен бауырсақтың түр-түрін пісірдім. Ең үлкені – 139 сантиметр болды. Үлкен бауырсақты пісірудің бір қиындығы – оны қазан ішінде аударып отыру екен. Ал одан кішілерін бөлек тізіп, белгілі мүсінге келтіріп дайындадым. Нәтижесінде «креативті аспаз» номинациясын жеңіп алдым, – дейді бұрынғы аспаз, бүгінгі зейнеткер – апа Гүлнәр Сләмбекова.

 

Иә, Гүлнәр апаның бауырсағы бүгінгі байқаудағы ең үлкені емес. Ең үлкен бауырсақ 189 сантиметр болғанын айта кетейік. Жеңімпаз тұрмыстық техника ұтып алды.

 

Айта кетейік, «Қазцинк» кәсіпорыны ұйымдастырған Әз Наурыз мейрамына облыс әкімі Даниал Ахметов қатысып, кеншілерді құттықтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу