KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Желтоқсан, қаңтар айларында қар қалың болады – ШҚО

1.11.2022, 10:50 264 Ләззат Қанатқызы

Биыл желтоқсан, қаңтар айларында қар қалың болады деп болжануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Қазгидромет" ШҚ филиалының басшысы Ләззат Болатқан айтты.

- Алдын ала болжам бойынша, қарашаның алғашқы онкүндігінде күн жылы болады, ал екінші және үшінші онкүндікте ауа райына суық ауа массалары әсер етеді. Желтоқсан, қаңтар айларында ауа температурасы нормадан 1° жоғары, қар қалың болса, ақпан айында жауын-шашын мөлшері аз болуы мүмкін, - деді Ләззат Болатқан.

Сондай-ақ ШҚО ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы Ринат Кондыбаев мәліметіне сүйенсек, өңірде қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 1525 адам мен 382 бірлік техника, оның ішінде 377 бірлік Жергілікті атқарушы органдар мен жол ұйымдарының жол техникасы бар күштер мен құралдар дайындалған.

- Облыстық жолдарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қосымша 104 бірлік жоғары өтімді техника бар, - дейді ол.

Сонымен қатар, спикерлер қазіргі уақытта облыста 10 жылыту пункті дайындалғанын атап өтті. Оның 6 – ы республикалық маңызы бар, 4-і облыстық маңызы бар көлік жолдарында орнатылған. Сонымен қатар, 18 жол бойындағы асхана азаматтарды жылыту үшін пайдаланылуы мүмкін.

- Халыққа дауылды ескертулер, жолдардың ашылуы мен жабылуы, мектептердегі сабақтардың тоқтатылуы туралы ақпарат алу үшін "Дәрмен" тегін, мобильді қосымшасын жүктеп алып, қаланы, ауданды белгілеу қажет. Егер ақпарат алған болсаңыз алыс жерлерге шықпаңыз. Қысты жолға шығатын болсаңыз, дөңгелектеріңізді тексеріп, телефон қуаттағыш, қажетті отын, жылы киімдер, мол тамақ пен су, күрек сияқты заттарды алдын ала дайындап алған дұрыс, - дейді ШҚО ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу