KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Даниал Ахметовке қызметі туралы сұрақ қойылды

12.12.2022, 16:53 218 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке оның "саяси ұзақ ғұмыры" туралы сұрақ қойылды.

12 желтоқсанда Астанада Мемлекет басшысы қатысқан Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Елордаға облыс әкімдері де барды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Кулуарда журналистер Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке бірнеше сауал қойды. Мысалы, кадрларға қатысты.

"Менің орынбасарларымның бәрі өте кәсіби. Ержан Нұрбаевтың ауыл шаруашылығы саласында тәжірибесі мол. Шәкәрім Бұқтұғытов - өндірісте. Экономикалық сұрақтар бойынша көмекшім АҚШ-та оқыған және өте кәсіби. Біз әкімдікке тек жоғары кәсіпқойларды аламыз. Бірақ Президент өте дұрыс нәрселерді айтты, оны тағы талқылаймыз", - деп жауап берді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Даниал Ахметовке "облыс әкімі болып жұмыс істеуден шаршаған жоқсыз ба" деген сұрақ қойылды.

"Неге шаршауымыз керек? Сіз өмірден шаршадыңыз ба? Жоқ. Мен де шаршаған жоқпын", - деп жауап берді.

"Саяси ұзақ ғұмырыңызды қалай түсіндіре аласыз" - деп сұрады журналист тағы да. "Оны Мемлекет басшысынан сұраңыз", - деп түйіндеді ШҚО әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив