ШҚО әкіміне Абай мерейтойына қатысты шараларды мұқият қадағалау тапсырылды
Елордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті тәжірибесі мол әкім деп атап, Абайдың 175 жылдық мерейтойына қатысты шараларды мұқият қадағалауды тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс.
- Көп концерттің, тіпті демеушілердің көмегімен шетелдік әртістерді шақырудың қажеті жоқ. Іскерлік бағытта өткізу керек. Сіз, әкімдер арасындағы ең тәжірибелі әкімсіз. 175 жылдықтың аясында өтетін барлық іс-шараларға мұқият қараңыз, - деді Президент ШҚО әкімі Даниал Ахметовке.
Айта кетсек, аталған мерейтойдың бағдарламасына сәйкес жалпы 560 іс-шара өткізу көзделген, оның 24-і халықаралық, 21-і республикалық, 515-і облыстық деңгейде. Іске асырылатын жобалар идеологиялық, рухани және ағартушылық міндеттермен бірге, облыстың экономикалық, инфрақұрылымдық, туристік әлеуетін одан ары дамытуды қамтамасыз етеді.
Дереккөз: Өзекті ақпараттық порталы