Жол-көлік инфрақұрылымына 19,3 млрд теңге бөлінеді – ШҚО
шартты сурет
Әлеуметтік-экономикалық дамуда сапалы жол-көлік инфрақұрылымының маңызы зор. Мемлекет басшысы да өңірлерге 2025 жылға қарай жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту міндетін қойды.
Осы ретте Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 245 шақырым жол мен көшені жаңартуға 19,3 млрд. теңге бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Осылайша, жыл қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 91%-ға жетеді.
Биыл Өскемен әуежайы қайта жаңартылып. Оған қоса тәулігіне 100 тоннаға жүктерді уақытша сақтау қоймасы мен 30 тоннаға жүк терминалының құрылысы аяқталды. Бұл жобаның құны 4,9 млрд.теңге (2022 жылы 2,4 млрд. теңге бөлінді).
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ірі инфрақұрылымдық жоба – Бұқтырма су қоймасына көпір салу (2022 жылы 10,2 млрд.теңге бөлінді) іске асып жатыр.