KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Әскери бөлім 23 жылдан кейін жас сарбаздармен толықты – ШҚО

26.12.2022, 10:31 533 Ләззат Қанатқызы

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты  3514 әскери бөлімі Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан  келген 50 ге жуық жас сарбаздармен толықты.

Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінде  қысқа мерзімді сарбаздар  соңғы рет 1997-1999  жылдар аралығы қызмет еткен. Кейіннен жауынгерлік қызметті тек офицерлер  мен  келісім шарт  бойынша қызметшілер атқарып келген.

23 жылды артқа тастап әскери бөлім жеке құрамы жас шақырылымды салтанатты түрде қарсы алды. Болашақ ұландықтарға бөлімнің басшылық құрамы таныстырылып, олар қызмет ететін әскери бөлімнің тарихы туралы айтылды.

- Сіздерге қадір - қасиет пен ар-намыстың, өз парызыңызға адалдықтың үлгісі болуға тілектеспін, қоғамдық тәртіпті сақтауда тұру-құрметті және жауапты міндет екенін әрқашан есте сақтаңыздар, - деді 3514 әскери бөлімінің командирі подполковник Сәкен Нұртаев.

Әскерге шақырылушылар негізгі оқу пәндері бойынша бір айлық жалпы әскери дайындық курсынан өтеді. Сабақтарды жас толықтыру оқу пункттерінде тағайындалған тәжірибелі офицерлер мен старшиналар жүргізеді. Жиын барысында олар жалпы  әскери жарғыларды, мемлекеттік-құқықтық, тактикалық, дене шынықтыру, радиациялық және химиялық қарудан қорғау негіздерін зерделеуге кіріседі. Саптық дайындық сабақтары барысында саптық техникалар пысықталып, саптық әндер үйренеді.

– Біз әдеттегі азаматтық өмір салтымызды әскери өмірге ауыстырдық. Бізге әскери киім кию тәртібі айтылды. Шынымды айтсам, өзімді әскери формада бірінші болып көру таныс емес еді, бірақ өзімді жаңа мәртебеде сезіну қуанышты . Менің ойымша, жыл тез өтеді, ең бастысы, пайдалы болады, - дейді әскер қатарына шақырылған Еркебұлан Заманбеков.

Айта кету керек, жас жауынгерді даярлаудың бір айлық курсынан кейін әскерге шақырылушылар Әскери ант қабылдайды және жыл бойы Курчатов қаласында әскери бөлімнің әскери қалашығын күзету мен қорғау бойынша ішкі қызметін атқаратын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу