Қазақстандық авикомпаниялардың паркі жаңартылып жатыр
Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
«SCAT» авиакомпаниясының паркі жаңа «Боинг - 737 МАХ9» кемесімен толықты.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтің тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп, әуе кемелерпаркін ұлғайту, тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту және рейстердің кешігу санын азайту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Altaynews ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 желтоқсанда «SCAT» авиакомпаниясының «Боинг - 737 МАХ9» жаңа әуе кемесі келді. Сыйымдылығы 213 орындық бұл ұшақавиакомпанияның флотын 33 бірлікке дейін арттырады, оның ішінде «Боинг» үлгісіндегі кемелер саны – 26.
Әуе кемесін пайдалануға беру авиакомпанияның сыйымдылығына, кесте мен билеттер ұсынысының уақтылы орындалуына оң әсерін береді.
Осылайша, бұл әуе кемесі ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап қазақстандық авиакомпаниялар алған он бірінші әуе кемесі болып табылады. Ағымдағы жылдың ақпан айына дейін тағы 3 бірлік алынуы мүмкін екен.
Қазақстандық әуекомпаниялардың ӘК паркін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.