KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

«Fly Arystan» авиакомпаниясының паркі жаңа әуе кемесімен толықты

Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

26.12.2022, 14:00 332 Мадина Амангелдіқызы

«Fly Arystan» авиакомпаниясының паркі жаңа «A320neo» әуе кемесімен толықты.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша әуе кемелер паркін ұлғайту және қазақстандық авиакомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Altaynews сайты ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылғы 24 желтоқсанда «Fly Arystan» авиакомпаниясы «A320neo» әуе кемесін алды. Сыйымдылығы 188 орындық бұл ұшақ флоттағы 14-ші және осыған ұқсас сыйымдылығы бар үшінші ұшақ. Әуе кемесі қоршаған ортадағы CO2 шығарындыларын және дыбыс ізін азайтуға мүмкіндік беретін қозғалтқышпен жабдықталған.

Осылайша, ағымдағы жылғы тамыз айынан бастап қазақстандық авиакомпаниялар сыйымдылығы 166-дан 213 креслоға дейінгі жаңа 12 ұшақ алды.

Әуе кемелерін пайдалануға беру авиакомпаниялардың жолаушылар тасымалы көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ кесте мен билеттер ұсынысының уақытылы орындалуына оң әсерін тигізеді.

Қазақстандық әуекомпаниялардың ӘК паркін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасуда және ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив