KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, СБ
502.27 597.15 6.57

ШҚО-да бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

28.12.2022, 09:00 782 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін қатты аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға ауысады.

Білім басқармасының мәліметінше, бірқатар аудандарда мектепалды даярлық сыныбынан бастап 4-сыныпқа дейін сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«28 желтоқсан күні ауа райының ауа температурасының төмендуіне байланысты Алтай мен Күршім аудандарының мектептерінде бірінші ауысымдағы  0-4 сынып оқушылары қашықтан оқытуға ауыстырылады, - делінген басқарма хабарламасында.

Атап айтқанда, Алтай ауданында Алтай қаласының, Первороссийская, Чапаев, Маяк, Путинцево, Подорленок, Зубов, Лесопристань, Крестовка, М. Харин, М.Бикетов, Тұрғысын, Первомайская орта мектептерінде, ал күршім ауданында №1 Марқакөл, Бурабай, Қойтас, Жолнұсқау, Қалжыр, Жаңаауыл мектептерінен басқа білім ордаларында сабақ тоқтатылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу