KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Мемлекеттік сатып алуларға отандық тас өндірушілер ғана қатысады

28.12.2022, 22:15 424 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда мемлекеттік сатып алуларға тек отандық тас өндірушілер ғана қатыса алады. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңында» еліміздегі тас өңдеу өнеркәсібінің өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталған кеңес ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының басшысы Мұхамед Андаковтың төрағалығымен ZOOM форматында өткізілді.

Қазір Қазақстан нарығында тас өнімдерін өндіретін 15-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Осы жылдың 10 айында өндіріс көлемі 658,4 мың тоннаға жетті. Осы бағытта өндірушілермен 2022 жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесі талқыланды. Ведомство өкілінің айтуынша, биыл еліміздің аумағына тек сертификаттаудан өткізіліп, импортталған тас өнімдерін (жиектер, төсеніштер, қабырға материалдары және т.б.) әкелу мәселесі шешілді.

Сондай-ақ отандық тас өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында осы жылдың 24-ші тамызынан бастап ҚР Үкіметінің №606 қаулысы күшіне еніп, соған сәйкес тек отандық өндірушілерге ғана мемлекеттік сатып алуларға қатысу мүмкіндігі беріліп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу