ИИДМ вице-министрі шығысқазақстандықтармен кездесті
Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму басшысының орынбасары Шығыс Қазақстанға жұмыс сапармен келді.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан ШҚО-ға жасаған іссапарында жергілікті халықпен кездесіп, өңір тұрғындарына жер қойнауын пайдалану саласында қолға алынған жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Шығыста тау-кен кешені және металлургия өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары шоғырланған. Вице-министр осындағы «Қазцинк» ЖШС мен «Үлбі металлургия зауыты» АҚ секілді кәсіпорындарға барып, олардың өндірістік қызметімен танысты.
Кездесу барысында жер қойнауын пайдалану саласындағы, атап айтқанда кен іздеуге байланысты лицензия алу рәсімін оңтайландыруға, сондай-ақ жер қойнауын игерудің салдарын жоюға қатысты мәселелер көтерілді.