Өскемен мен Риддерегі жылу электр орталықтары қызыл аймақта тұр

Қазір елімізде барлығы 37 жылу электр орталығы жұмыс істесе, оның 19-ы қызыл аймақта тұр.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Энергетика министрлігі 37 жылу электр орталықтарының техникалық жай-күйіне талдау жүргізіп, тәуекел топтары бойынша анықтап, бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеген.
Белгілі болғандай, қызыл аймаққа (жоғары тәуекел дәрежесі) 19 ЖЭО, сары (орташа тәуекел дәрежесі) 11 ЖЭО және жасыл (төмен тәуекел дәрежесі) 7 ЖЭО кірді.
Премьер-Министрдің жауабына қосымша ұсынылған анықтамаға сәйкес, тәуекел аймағына мына қалалардағы ЖЭО-лар кіреді:
Арқалық - 1, Кентау - 1, Қызылорда - 1, Орал - 1, Степногорск - 1, Теміртау - 2, Павлодар - 1, Ақтау - 1, Шахтинск - 1, Риддер - 1, Рудный - 1, Балқаш - 1, Жезқазған - 1, Өскемен - 1, Петропавл - 1, Семей - 1, Екібастұз - 1, Тараз - 1; сары тәуекел аймағындағылар: Алматы - 2, Павлодар - 1, Ақтау - 1, Қарағанды - 2, Текелі - 1, Шымкент - 1, Қостанай - 1, Атырау - 1; жасыл тәуекел аймағындағылар Алматы - 1, Орал - 1, Павлодар - 1, Астана - 1, Ақтөбе - 1, Астана - 1.