Министр қатерлі аймақта тұрған ЖЭО-лар туралы айтты

Энергетика министі Болат Ақшолақов қай өңірдегі жылу электр орталықтары қатер аймағында екенін айтты.
Министрдің сөзінше, 19 ЖЭО қызыл аймақта, яғни қатер аймағында тұр. 11 ЖЭО сары аймақта болса, 7 ЖЭО ғана жасыл аймақта тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Қызыл аймақтағы жылу электр орталықтары үшін келесі күзгі-қысқы кезеңде тәуекелдерді азайту мақсатында негізгі жабдыққа күрделі жөндеу, реконструкциялау жүргізу көлемі айқындалды. Алдын ала деректер бойынша, бұл жұмыстарды орындау үшін 182 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру керек», - дейді Ақшолақов Үкімет отырысында.