KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Өскемен: екі құрылыс компаниясына тексеру жүргізіледі

шартты сурет

16.01.2023, 10:27 364 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі екі құрылыс компаниясын тексеруді тапсырды.

Өткен аптада өңір басшысы азаматтарды қабылдаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Өскемен қаласының тұрғындары маған өз міндеттемелерін орындамайтын және нысандарды тапсыру мерзімін кешіктіретін құрылыс компаниялары туралы айтты. Бұл өте маңызды және алаңдатарлық мәселе», - деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімінің айтуынша, тұрғындар үлестік қатысу туралы емес, пәтерлерді брондауға шарт жасасқан. Ал фирмалардың үлестік құрылыс құжаттары мүлде жоқ көрінеді.

«Бұл облыс орталығындағы екінші жағдай. Мен екі компанияның қызметін, сондай-ақ шарттардың заңды аспектілерін тексеретін комиссия құруды тапсырдым», - деді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив