ШҚО-да көшкін қаупі күшейді
шартты сурет
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының ақпаратына сүйенсек, таулы аймақтарда 20-23 қаңтар аралығында қар көшкіні болуы әбден мүмкін.
Мамандардың айтуынша, қалың қар жуғаннан кейін немесе қызыл шұнақ аяздан кейін 3-4 күн өткенде көшкін қаупі арта түседі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жалпы өңірде қар көшкіні жиі болатын 497 жер бар. Әсіресе автожол бойындағы учаскелер аса қауіпті:
Өскемен-Самар,
Өскемен-Алтай,
Согорное-Барлық,
Берел-Рахманов қайнары (Катонқарағай ауданы),
Зубовка-Путинцево,
Лениногорск-Чекмар кеніші.
Оған қоса көшкін қаупі бар аймақта орналасқан 5 демалыс базасы бар. Оның екеуі – Риддер қаласында, үшеуі – Таулы Үлбіде.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.