«Кел, сөйлесейік!» клубының тағы бір филиалы ашылды – Өскемен
Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхананың 19-шы шағын ауданда орналасқан бөлімшесінде «Кел, сөйлесейік!» клубы жұмыс бастады.
Мұндағы үйірменің жетекшісі әрі кітапхана қызметкері Назерке Айдынқызының айтуынша, тіл үйренемін деушілердің қатары көп, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондықтан клуб аптасына екі рет жұмыс істейді. Ерекстермен қатар оқушылар тобы да бар.
«Біз ауыз екі сөйлеумен қатар қазақ тілінің граматикасын да үйретміз. Үйірмеге қатысушылар қоғамдық орындарда қазақша еркін сөйлеп қана қоймай, сауатты жаза алатын болады», - дейді Назерке Айдынқызы.
Үйірме аз уақытта нәтиже беруге тиіс. Бұған қатысты ұйымдастырушылардың жоспары да бар.
«Наурыз мейрамы қарсаңында қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында театр фестивалі болады. Сол іс-шарада үйірме үздіктері өнер көрсетеді деген ойдамыз», – дейді кітапхана қызметкері.