KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскемендегі сауда орталықтарында қазақ тілін үйретінін курс ашылмақ

10.01.2023, 16:11 432 Ләззат Қанатқызы

Қазақ тілін үйрететін «Кел сөйлесейік» клубын Өскемен қаласындағы сауда орталықтарында ашу жоспарланып отыр.

Аталмыш курс қазірдің өзінде қала бойынша 4 жерде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада қазақ тілін үйрететін курс ашылғанын хабарлаған болатынбыз. Қазір ол жерде мемлекеттік тілді үйренгісі келетін жандарға білікті мамандар сабақ береді.

Мәселен, жақында ғана Гагарин бульварындағы «Борис Щербаковтың жасыл үйінде» ашылған «Кел сөйлесейік» клубында 4-курс студенті Миронова Салтанат сабақ береді.

- Курсқа қатысатындардың көбі ересектер мен зейнеткерлер. Біз клубта грамматикаға емес, қазақ тілінде сөйлесуге бара назар аударамыз. Сондықтан күнделікті өмірде қолданылатын сөздерді үйреніп, қазақша ән тыңдап, кинолар көреміз. Бұл - тіл үйренудің бірден-бір оңтайлы тәсілі деп білемін, - дейді Салтанат Миронова.

Қала басшылығының айтуынша, мұндай курстар саны әлі де артпақ. Тіпті халыққа ыңғайлы болуы үшін сауда орталықтарында да ашу жоспарланған.

- Жақында «Кел сөйлесейік» клубы «Альшемали» сауда орталығынан да ашылады. Себебі курсқа қатысушылар саны артып келеді. Тіпті, кейбір ата-аналардың сұрауымен балаларға арналған бөлек топ ашылды. Көп адамды қамту үшін, оларға ыңғайлы болу мақсатында басқа да сауда орталықтарынан курс ашу жоспарымызда бар – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Айта кету керек, кейбір кәсіпорын басшылары бұл бастаманы қолдап, өз қызмекерлеріне үйрету үшін зауытта да курс ашуға ұсыныс білдірген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу