Өскеменде 26 млн теңгеге 4 субұрқақ жөнделеді
Облыс орталығындағы бірнеше субұрқақ жөнделеді.
Жөндеу жұмыстарына 26 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өскеменнің ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік сатып алу сайтында субұрқақтарды жөндеу бойынша лот жариялады. Сипаттамада Гагарин бульваріндегі, «Өскемен» қонақ үйінің жанындағы, Халифа Алтай мешіті мен әуежай жақтағы субұрқақтарды жөндеу қажет деп көрсетілген.
Жұмысты орындау мерзімі – 30 маусымға дейін.
Жөндеу қызметтерін сатып алуға бөлінген сома – 26 785 714 теңге.