Автонесие сайтына бір минутта 125 мың адам кірген
Бүгін autonesie.kz сайтында сағат 10:00-ден жеңілдетілген автонесиеге өтінімдер қабылданды. Платформа іске қосылған алғашқы минуттың ішінде autonesie.kz сайтына 125 мың адам кірді.
Жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдаудың алғашқы легінде 761 адам өтініш бере алады. Платформа іске қосылған сәтте 761 адам алғашқы 18 секунд ішінде өз өтінімдерін тіркеп үлгеріпті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өнеркәсіпті дамыту қорының ақпаратынша, autonesie.kz сайты жүктемені еңсеріп, өтінімдер пулының қалыптасуын қамтамасыз етті. Лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, «өтініш беру» функциясы тоқтатылды.
Келесі өтінімдерді наурыз айында беруге болады, яғни ай сайын қабылданады.