Шошқа фермасын жабуға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды - ШҚО
Өскемен қаласы мен Глубокое ауданы тұрғындарының наразылығын тудырған шошқа фермасын жабуға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды.
ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2022 жылы 21 қараша күні "Родничок" шаруа қожалығының қызметін тоқтатуға шешім қабылдаған. Алайда, қожалық иесі сот үкімімен келіспей, аппеляциялық сотқа жүгінді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен 2022 жылы наурыз айында Глубокое ауданы Степное, Шмелев Лог ауылдарының тұрғындары шошқа фермасы мен мал сою алаңынан шыққан қалдықтардың адам денсаулығына және табиғи ортаға келтіретін зияны туралы айтып, шағымданған.
Кейін Экология департаменті 28 сәуір мен 31 мамыр аралығында тұрғындардың өтінішімен "Родничок" шаруа қожалығына қатысты Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы нормаларының сақталуына жоспардан тыс тексеруді бастады.
Тексеру қорытындысы бойынша, бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, қысқартылған өндіріс тәртібімен (-50%) 7 күн ішінде төлеу мүмкіндігімен жалпы сомасы 1 072 048 мың теңге айыппұл салынып, заңбұзушылықтарды жоюға уақыт берген. Бірақ кәсіпкер берген нұсқаманы орындаудан бас тартады. ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2022 жылы 21 қараша күні "Родничок" шаруа қожалығының қызметін тоқтатуға шешім қабылдаған. Алайда, қожалық иесі сот үкімімен келіспей, аппеляциялық сотқа жүгінді
Апелляциялық сот қоршаған ортаға келтірілген орны толмас зиянды және жергілікті тұрғындардың пікірін ескере отырып бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.