KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
505.53 593.44 6.34

Кейінгі тәулікте 49 адам коронавирус жұқтырды

14.02.2023, 09:00 265 Оразай Жеңісұлы

Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирустан бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Altaynews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 13 ақпанда Қазақстанда 49 адам коронавирус жұқтырған. Тағы 15 адам пневмониямен ауруханаға түскен.

14 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 605 адам коронавирус инфекциясынан (–1 437 + және 168 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 465 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 6 адамның жағдайы ауыр,
  • 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу