«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 64 жоба іске асырылады - ШҚО
Биыл облыс бойынша «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 64 жоба іске асырылады.
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын жобалардың негізгі бағыты - тірек ауылдардағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Бағдарлама шеңберінде жоспарланған 64 жобаның үшеуі өтпелі жобалар, атап айтқанда Марқакөл, Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы. Қалған 61 жобаға мектептерді, ауылдық клубтарды, медициналық мекемелерді жөндеу, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, қазандықтар мен жылу желілерін жаңғырту, жолдар мен көшелерді жөндеу, көше жарығын орнату кіреді, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Сондай-ақ аймақ басшысы құрылыс маусымының басында іске кірісу үшін жобалардың барлығына арналған конкурстық рәсімдер ақпан-наурыз айларында өтуі тиіс екенін атап өтті.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын.
Оқи отырыңыз