KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында 64 жоба қолға алынған - ШҚО

3.02.2023, 09:44 444 Ләззат Қанатқызы

Марқакөл, Үлкен Нарын және Катонқарағайдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысы биыл аяқталады.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен өткен кеңес барысында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша биыл өңірде 64 жобаны іске асыру көзделген.

- Қолға алынған 64 жобаның үшеуі өтпелі болып табылады - бұл Марқакөл, Үлкен Нарын және Катонқарағайдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылыстарын аяқтау. Қалған 61 жобаға мектептерді, ауылдық клубтарды, медициналық мекемелерді жөндеу, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, қазандықтар мен жылу желілерін жаңғырту, жолдар мен көшелерді жөндеу, көше жарығын орнату кіреді, - деп түсіндірді аймақ басшысы.

Сондай-ақ облыс әкімі құрылыс маусымының басында мердігерлерді анықтап, қаржыландыру көлемін білу үшін жобалардың барлығына арналған конкурстық рәсімдер ақпан-наурыз айларында өтуі тиіс екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив