Білімге бір бөлек, ғылымға бір бөлек көңіл бөлінеді – Қазақстан-2022
Бүгінде әлем елдері, әуелі, білім мен ғылымға арқа сүйейді. Аталмыш саланың адамдары – қазіргі уақыттың ең құнды ресурсы. Қазақстанда соңғы жылдары қалыптасқан білім беру жүйесіндегі үрдістер ел басшылығының жағдайды жақсы түсінетінін және дамудың жаңа траекториясына қалай «бағыттауды жүйелі» пайымдайтынын көрсетеді.
2022 жылы еліміздің білім саласында елеулі өзгеріс болды. Үкімет құрылымында білім және ғылым саласын басқаратын екі ведомство пайда болды: бір бейінді министрліктің орнына екеуі – Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды.
Сарапшылар атап өткендей, бұл қадам арқылы ғылымға да, білім берудің әрбір деңгейіне де бірдей лайықты көңіл бөлу үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасалды. Бұл абсолютті негізделген көзқарас: білім беру кешенді жүйе және оның кез келген деңгейіндегі олқылықтар мен кемшіліктер осы жүйеден әлдеқайда алысқа кететін ұзақ мерзімді «домино әсеріне» ие. Қарапайым тілмен айтқанда, мектептегі білімде сапа болмаса, сапалы ғылым да, яғни «білім экономикасы» да болмайды. Ауыл мен қала, әртүрлі әлеуметтік топтар арасында білім сапасы мен оған қолжетімділікте алшақтаса, әлеуметтік және материалдық теңсіздік ушыға түседі. Тізбек көп. Ал мұның барлығы мемлекеттің орнықтылығына тікелей әсер етеді.