Өскемен-Семей жолы жабылды
«ҚазАвтоЖол» АҚ ШҚ филиалының ақпаратына сүйенсек, сағат 09.00-де Өскемен мен Семей арасындағы жол жабылды.
Көлік қозғалысы күн райының бұзылуына байланысты шектелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Республикалық маңызы бар Өскемен-Семей тасжолының учаскесінде (10-шы және 103-ші шақырым аралығы, Герасимовка-Абай облысының шекарасы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар автобустарың, жүк көліктерінің қозғалысы шектелді», - деп жазылған хабарламада.
Облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Оқи отырыңыз