Жаңа Ахмердегі электр желілерінде апат болуы мүмкін
Фото: mapio.net
Өскеменнің Жаңа Ахмер кентіндегі тұрғын үйлерді қуаттандыратын электр желілері көп жылдар бойы жөнделмеген. Ал аталмыш желілер қала теңгеріміне тиесілі емес.
Жаңа Ахмер кентіндегі электр желілерінің тозығы жеткен. Кез келген уақытта апат болуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Алайда қала басшылығы апатты болдырмау үшін қазірден бастап тиісті шаралар қабылдамақ. Осы және кенттегі басқа да мәселелері жайлы Өскемен әкімінің Жаңа Ахмер тұрғындарымен кездесуі барысында белгілі болды.
Әкімнің айтуынша, бұл осы аудандағы жалғыз өзекті мәселе емес. Тұрғын үйлерді қуаттандыратын электр желілері көп жылдар бойы жөнделмеген.
Осы ретте тұрғындармен бірге жұмыс алгоритмі жасалды. Биыл барлық қажетті жұмыстар жүргізіліп қояды деген жоспар бар көрінеді.
Сонымен қатар, халықтың өтініші бойынша бұрынғы қалашықтың орталық жолын ағымдағы жөндеу мәселесі де қаралатын болады.