Өскеменнің сол жағалау бөлігінде жарылыс жұмыстары жүргізіледі
Өскеменнің сол жағалау бөлігіндегі жаңа тұрғын ауданда коммуникация құрылысына байланысты жарылыс жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- «Kaz Explo Service» ЖШС 16 қыркүйекте сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін «Өскемен қаласының 24 тұрғын ауданының бас жоспарын және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу. Кварталішілік жылумен жабдықтау, су құбыры және кәріз желілері тарту» бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізеді, - деп хабарлады қала әкімдігі.
Оқи отырыңыз