Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?

сурет ашық дереккөзден алынды
Оқу-ағарту министрлігі көктемгі демалыстың мерзімін жариялады.
Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 2023 жылғы 18 наурыз бен 26 наурызды қоса алғанда тоғыз күнге созылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
2022 жылғы желтоқсанда мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі белгіленді. Оқу жылының негізгі мерзімі 1 қыркүйек пен 31 мамырды қоса алғанда:
1-11 (12) кластардағы оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың ұзақтығы:
1 тоқсан – сегіз оқу аптасы, күзгі каникул – жеті күн (31 қазан мен 6 қарашаны қоса алғанда);
2 тоқсан – сегіз апта, қысқы демалыс – тоғыз күн (31 желтоқсаннан 8 қаңтарды қоса алғанда);
3-тоқсан – 10 апта, көктемгі үзіліс – тоғыз күн (18-нен 26 наурызды қоса алғанда);
4 тоқсан — 10 апта;
1-класқа қосымша демалыстар – жеті күн (6-12 ақпанды қоса алғанда).