KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
508.3 592.17 6.63

2019-2020 оқу жылының демалыс мерзімдері бекітілді

20.08.2019, 12:15 924

Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылының каникулдар мерзімін бекітті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337 бұйрығы бойынша осы оқу жылының басталуы, ұзақтығы және оқушылардың демалыс кезеңдерінің мерзімі бекітілді. Бұйрық орта білім беру нысандарының барлығына ортақ болып табылады.

Сонымен, оқу жылының басталуы 2019 жылғы 1 қыркүйекке сай келеді.

1-ші сыныптар үшін оқу жылы 33 оқу аптасынан, 2-11(12)-сыныптар үшін – 34 аптадан тұрады.

Күзгі, яғни алғашқы демалыс мерзімі - 28 қазаннан 4 қарашаға дейін (7 күн). Қысқы демалыс – 30 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін (10 күн). Көктемгі демалыс – 21 наурыздан 2 сәуірге дейін (13 күн).

Бірінші сынып оқушылары қосымша 3 ақпан мен 9 ақпан аралығында 7 күн демалады екен.

Оқу жылы 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу